428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында үй өртінен зейнеткер зардап шекті

  • 150
  • UPD: 10:06, 25.09.2020
Қостанай облысында үй өртінен зейнеткер зардап шекті

Рудный қаласында 24 қыркүйек күні сағат 04:42-де бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

Өрт сөндіру қызметі келген кезде пәтердің бір бөлмесіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртеніп жатқан, деп хабаралды alau.kz.

Өрт сағат 05:26-да оқшауланып, 05:40-та сөндірілді. Нәтижесінде 1948 жылғы пәтер иесі улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Тілсіз жаудың жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Хабар 24 телеарнасы