429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 11 жастағы баланы әкесі мен көкесі зорлаған

  • 180
  • UPD: 11:24, 25.09.2020
Қызылорда облысында 11 жастағы баланы әкесі мен көкесі зорлаған

Жәбірленуші бала болған жайтты растады, деп хабарлайды zakon.kz

Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зорлық туралы бұл мәліметті Дина Смаилова өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Ол: «Біздің қорға жәбірленуші баланың көршілері жүгінді. Қызылорда облысы, Сырдария ауданында көршілері әкесінің досы 11 жастағы ұл балаға зорлық көрсеткені туралы білген. Менің болжамым бойынша бұл іс бірнеше рет қайталанған. Бұл туралы інісі көршілеріне айтып берген. Ол көзі жасаурап жүгіріп келіп, көкесі Нұрлан ағасын ренжітетінін айтқан. Нұрлан көкесі бірнеше жыл бойы олардың үйіне келіп, балалардың әкесімен бірге ішімдік ішеді. Бала болған жайтты өз көзімен көргенін және көкесінің жасаған іс-қимылдарын көрсеткен. Мұны әкесі де біледі. Кейде тіпті өзі де зорлық көрсетеді екен...», – деп жазады.

Ұл балалардың анасы жоқ. Әкесі жалғыз өсіреді. Көршілері балалардың аш екенін, жуынбайтындығын, көшеде түнейтінін, қоқыс ақтарып жүретінін бірнеше рет айтқан. Олардың айтуынша, балалар қатты қорқып қалған, өйткені оларды ұрады.

«Әкесі балаларының асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақысына күн көріп келеді. Еш жерде жұмыс істемейді. Көршілері алаңдап полицейлерге хабарласқан, Nur Otan-ға хабарлаған. Іс қозғалып, бақылауға алынғанын айтады. Алайда балалар әлі де әкесімен тұрады! 15 қыркүйектен бері ештеңе өзгермеген!», – дейді қоғам белсендісі.

Қызылорда облысының Полиция департаменті оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме мазмұны бойынша 23 қыркүйек күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған. Қажетті сараптамалар бекітілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі уақытта кәмелет жасына жетпеген жеткіншектер облыстың Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы