429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда-Алматы бағытындағы ұшақ Шымкентте қонуға мәжбүр болды

  • 272
  • UPD: 20:24, 25.09.2020
Қызылорда-Алматы бағытындағы ұшақ Шымкентте қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуе компаниясының Embraer -190 ұшағы техникалық ақауға байланысты Шымкенттегі қосалқы әуе айлаққа қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылардың барлығы дін аман. Ұшақ Қызылорда-Алматы бағытында көкке көтерілген. Ұшу кезінде әуе кемесінің техникалық бөлігінде өртті ескертетін дабыл іске қосылған. Ұшақ командирі қосалқы әуеайлаққа сәтті қонды. Техникалық ақауды анықтуға арнайы мамандар аттанды. Бұл іске байланысты тергеу жүргізіледі. Ал жолаушыларды қалаған жеріне жеткізу жедел түрде ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы