432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда сирек маркалы көлік өртеніп кетті

  • 154
  • UPD: 09:59, 28.09.2020
Павлодарда сирек маркалы көлік өртеніп кетті

Тағы бір өрт Павлодар қаласында тіркелді. Тұрғын үй аулаларының бірінде түрған автокөлік тұтастай  жанып кетті.

2004 жылы шыққан «Крайслер» маркалы машинаның сау-тамтығы қалмаған. Қайта көлік ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында өртке қарсы қызметтің 4 құтқарушысы мен  1 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себепші болған.

Хабар 24 телеарнасы