428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда түнгі клуб маңында жаппай төбелес болды

  • 177
  • UPD: 13:04, 28.09.2020
Алматыда түнгі клуб маңында жаппай төбелес болды

Алматыда түнгі клубтың алдында жаппай төбелес болды. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Абай көшесіндегі түнгі клубтың жанында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше «102» пультіне және құқық қорғау органына аталған факт бойынша ешкімнің хабараласпағанын айтты. Төбелес туралы әлеуметтік желілерден білген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» деп хабарлады полициядан.

Хабар 24 телеарнасы