428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 600 млн астам теңгеге жалған шот-фактура жасаған топ ұсталды

  • 139
  • UPD: 12:40, 28.09.2020
Шымкентте 600 млн астам теңгеге жалған шот-фактура жасаған топ ұсталды

Шымкентте сыйақы алу мақсатында 600 миллионнан астам теңгеге жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ ұсталды.

Қалалық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде олардың іс жүзінде жұмыстарды орындамай, аса ірі көлемде шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды. Алдын ала келіскен 4 азамат 615 млн теңгеге жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңгені сыйақы ретінде алмақ болған. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы