432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көлік өзенге батып кетті: ер адам қайтыс болды

  • 206
  • UPD: 12:28, 29.09.2020
БҚО-да көлік өзенге батып кетті: ер адам қайтыс болды

28 қыркүйек күні сағат 09:25-те Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында көлік өзенге батып кетті, деп жазды mgorod.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, паром Жайық өзенінен өтіп бара жатқанда ВАЗ автокөлігінің тежегіші істен шығып, көлік өзенге батып кеткен. Көлік иесі оқиға орнында қайтыс болды.

«Марқұмның денесі көліктен 12:15-те шығарылып, полицияға тапсырылды. Оқиға орнында төрт құтқарушы мен бір техника жұмыс істеді», - деп хабарлады БҚО ТЖД.

Хабар 24 телеарнасы