427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қуаттағышта тұрған телефоннан тоқ соғып 15 жастағы оқушы мерт болды

  • 135
  • UPD: 12:37, 29.09.2020
Қуаттағышта тұрған телефоннан тоқ соғып 15 жастағы оқушы мерт болды

Алматы облысында қуаттағышта тұрған телефоннан тоқ соғып 15 жастағы оқушы мерт болды.

Қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қайғылы жағдай 26 қыркүйек күні түнгі сағат 22:00 шамасында болған. Тоқ соғу салдарынан 15 жастағы тұрғын мерт болды. Алдын ала болжам бойынша қыздың ұялы телефоны қуаттағышта тұрған. Қазір арнайы сараптама тағайындалды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы