432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылыту пешінің ақауы салдарынан 8 адам уланып қалды

  • 135
  • UPD: 15:10, 29.09.2020
Жылыту пешінің ақауы салдарынан 8 адам уланып қалды

Өткен тәулікте жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен 8 адам улы газбен уланып, 2 адам жылыту қазандығының жарылуынан түрлі жарақат алды.

Мәселен, Алматы қалсы Алатау ауданындағы Шаңырақ-1 ш.а. жеке тұрғын үйде табиғи газбен жылыту пешінен газдың шығуы салдарынан 2016, 2017, 2020 жылы туған балалар уланып, ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықта, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында улы газбен уланудың 2 жағдайы тіркелді. Аягөз ауданы Аягөз қаласында бір қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде қатты отынмен жылытатын пештің ақауынан 1952 жылы туған ер адам мен 1955 жылы туған әйел адам улы газбен уланған. Олар ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға күйеден тазартылмаған мұржаның салдарынан болды. 

Екінші жағдай Шемонаиха қаласында болды. Бір қабатты бес пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде қатты отынмен жылытылатын пеш ақауы салдарынан 1976 жылы туған үй иесі уланып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Ақаулықтың себебі – тазаланбаған түтін. 

Тағы бір оқиға Ақтөбеде тіркелді. «АЗФ-9» саяжай ұжымында 2007 және 2011 жылы туған балалар қатты отынмен жылытатын пешпен жылытудың жарамсыздығынан саяжай тұрғын үйінде улы газбен уланған. Орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға күйеден тазартылмаған мұржаның салдарынан болды.  

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінде жеке тұрғын үйде жылыту қазандығы жарылды, содан кейін қатты отынмен жылыту пеші мен жалпы ауданы 2 ш.м. үйдің қабырғалары ішінара қирады, жану болған жоқ. Күйік пен жарақатпен 1963 жылы туған қожайын мен 1985 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды. Жарылыстың алдын ала себебі – қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану ережелерін бұзушылық. Қазандықта су болмаған.

Хабар 24 телеарнасы