428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап мерт болды

  • 157
  • UPD: 13:10, 30.09.2020
Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап мерт болды

Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға бүгін Ружейников көшесі бойында «Болашақ-Т» ЖШС салып жатқан көп қабатты үйде болды. Жедел жәрдем сағат 03:15-те шақырылды.

Монтажшы болып жұмыс істейтін Ақжайық ауданының 24 жастағы тұрғыны 5-қабаттан құлап кеткен. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Ружейников көшесі 14 мекенжайында болғанын растап, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді.

Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы