428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйда көп қабатты үйден өрт шығып, алты адам эвакуацияланды

  • 178
  • UPD: 16:15, 30.09.2020
Рудныйда көп қабатты үйден өрт шығып, алты адам эвакуацияланды

Рудныйда көп қабатты үйден өрті шығып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.

50 лет Октября көшесіндегі төртінші қабаттағы пәтер отқа оранды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жалынды сөндіруге кіріскенше 6 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Жоғары температура нәтижесінде жылу жүйесінің полипропилен құбыры еріген. Оттың қарқынды жайылу қаупі болғандықтан, өрт сөндірушілер 6 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы