432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысының тұрғыны танысына пышақ сұғып алды

  • 163
  • UPD: 10:00, 01.10.2020
Қостанай облысының тұрғыны танысына пышақ сұғып алды

Қостанай облысы Тобыл ауылында әйел адам танысына пышақ жарақатын салды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 22:00 шамасында бұрын сотталған 55 жастағы әйел жанжал кезінде өзінің 35 жастағы танысына пышақ тыққан. Ер адам аудандық ауруханаға түсті.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы