427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда 9 жасар қазақстандық жол апатынан қаза тапты – БАҚ

  • 128
  • UPD: 16:23, 01.10.2020

Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала жол апатына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады Tengrinews.kz Yeni Alanya басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте Аланияда болған. Бала D-400 тасжолынан өтіп бара жатқанда оны көлік соққан. Соққының ауыр болғаны соншалық ол бірнеше метрге ұшып кеткен. Кейін көлік жанармай құю бекетіне соғылған.

9 жастағы бала ауыр халде Аланиядағы Алааддин Кейкубат атындағы университет ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Хабар 24 телеарнасы