430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте түрме бастығына пара ұсынған әйел ұсталды

  • 263
  • UPD: 15:44, 01.10.2020
Шымкентте түрме бастығына пара ұсынған әйел ұсталды

Шымкентте Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің бастығына пара бермек болған әйел ұсталды.

Қылмыс үстінде қолға түскен әйел мұндай жағдайға не себепті барғаны да белгілі болды. Ол түрме басшылығынан істі болып, сотталған азаматтық некедегі жұбайының жазасын жеңілдетуін әрі оң көзқарас танытуын сұрап, 1 мың 500 АҚШ долларын сыйақы ретінде ұсынған. Қазір әйелге қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. 

Әділбек Досмағамбетов, қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

- Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі тергеу бөлімі мен сотталған жұбайы мен пара берген азаматша қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұнда осы істің басты фигуранты болып, әйелдің істі болып сотталған азаматтық некедегі жұбайы тұр. Себебі ол әйеліне параны кімге қалай беруді ұйымдастырған болып табылады. Жұбайы да осы қылмыстық іске тікелей қатысы бар.

Хабар 24 телеарнасы