427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өрттен екі адам көз жұмды

  • 204
  • UPD: 17:36, 02.10.2020
Алматыда өрттен екі адам көз жұмды polisia.kz

Алматыда полиция қызметкері жанып жатқан үйге кіріп, зейнеткерді алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін түнгі үштер шамасында үлкен өрт болды. Қатты өрт Лазарев көшесіндегі жеке үйді шарпыды. Сонымен қатар ол үйдің ауласында тұрақта тұрған көлікті жоқ қылып жіберді. Өрт кезінде үйде адамдар болған. Бірінші болып көршілер дабыл қақты.

– Біз ояндық, өрт болып жатыр екен. Полиция қызметкері қақпаны қағып, бәрімізді оятты. Біз онымен бірге ауланы айналып жүгірдік. Көршілерге баруға тырысты, олардың терезелерін де сындырды. Ер адамды алып шықты. Қалғанын, өкінішке қарай, алып шыға алмады. Себебі бүкіл үйді өрт жаулап алды, – дейді жергілікті тұрғын, оқиғаның куәгері.

Ал Әуезов аудандық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бектемір Қауынбаев оқиға туралы былай дейді:

– Мен аудандық ішкі істер басқармасына келе жатқанмын. Лазарев көшесімен келе жатып, 79-үйдің шатырының астынан жалын шығып жатқанын көрдім. Алдымен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын оятып, оларды топтастырып, қауіпсіз қашықтықта тұруларын сұрадым. Көршісінің ауласы арқылы мен жанып тұрған үйдің ауласына кірдім. Үйдің терезесін сындырып, сол терезе арқылы атаны шығарып алдым. Мен оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Өрт толық оқшауланғанға дейін өзім сол жерде болдым.

Өрт кезінде үйде 71 жастағы ер адам, оның 33 жастағы өгей баласы және 15 жастағы немересі болғандығы анықталды. Өкінішке қарай, жасөспірім мен оның ағасы қайтыс болды. Зейнеткердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы