427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген қыз екінші рет ұсталды

  • 239
  • UPD: 23:32, 02.10.2020
Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген қыз екінші рет ұсталды

Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген бойжеткен екінші рет ұсталды. Жазда ғана ішімдік ішіп рульге отырған 24 жастағы азаматшаны тәртіп сақшылары тоқтатқан еді. Араға бір ай салып, сол әрекетін тағы қайталаған. 

Бұл жолы ол алкогольдік ішімдік ішіп алғаны аздай, көлігін құжатсыз жүргізген. Жазда соттың шешімімен көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған болатын. Алайда бойжеткен бұл тыйымға пысқырып та қарамаған сыңайлы. Наркологиялық орталық сараптамасы оның алкоголь қолданғанын растады. Енді жол ережесін өрескел бұзушының үстінен қылмыстық іс қозғалады.   

Бақыт Хайруллин,  қалалық патрульдік полиция батальоны штабының бастығы:

- Бойжеткеннің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылу қарастырылған. Сонымен қатар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екені жазылған. Қандай жаза тағайындаларын сот шешеді.

Хабар 24 телеарнасы