428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан ер адам заңды түрде жауапқа тартылады

  • 133
  • UPD: 10:12, 05.10.2020
Кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан ер адам заңды түрде жауапқа тартылады

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы «Азаптау» бойынша қылмыстық іс ретінде тіркеді. Кінәлі азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы