Атырау облысында «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағы кафелердің бірінде VIP залында орналасқан жасырын казино қызметін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мейрамхана залында арнайы ойын алаңы болған. Ол жерде құмар ойынға тиесілі карталар, арнайы фишкалар табылған. Ұйымдастырушылар карантин режимін бұза отырып, әрі ойыншыларды тартып, заңсыз бизнесті жасырын казино түрінде жүзеге асырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.