427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында өз балаларын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

  • 80
  • UPD: 14:04, 05.10.2020
Түркістан облысында өз балаларын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

Оқиға 4 қазан күні Қазығұрт ауданына болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол күні күдіктінің әйелі жұбайының өз балаларын ұрып-соққаны туралы өтінішпен полиция бөліміне арызданған. Полицейлер жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам жұмыссыз. Ерлі-зайыптылардың 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуінің ұрып-соғатыны туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақаты бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен, медиация арқылы тоқтатылған.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Өз балаларын ұрып-соққан ер азамат қамауға алынды. Күдіктіге қатысты қазіргі таңда ҚР ҚК 110-бабының екі бөлігі «Азаптау» бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Хабар 24 телеарнасы