Бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды lada.kz.
Ол тез арада балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жазатайым оқиға 4 қазан күні сағат 14:40-та Ақтау шағын ауданының 33 қабатты үйінде орын алды.
– Төртінші қабаттағы терезеден бала құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші жансақтау бөліміне жатқызылды. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, терезелерге металл торлар немесе шектегіштер орнатуды сұраймыз, – деп түсіндірді Маңғыстау облысы ТЖД.