432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да «қылмыстық істі жауып беремін» деген департамент қызметкерлері ұсталды

  • 184
  • UPD: 15:23, 05.10.2020
БҚО-да «қылмыстық істі жауып беремін» деген департамент қызметкерлері ұсталды

Батыс Қазақстан облысында экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері парамен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылымның аға тергеушісі мен жедел уәкілі өзге орган өкіліне «қылмыстық істі жауып беремін» деп уәде беріп, одан 5 млн теңге алған. Бармақ басты, көз қысты әрекет әшкере болды. Қаржы министрлігі мен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары парақорлық дерегін жедел анықтады. Қазір күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Нұрдәулет Сәмет, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары:

- Күдіктілер Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына 2 екі айға қамауға алынды. Жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жартысынан көбі парақорлықпен байланысты. Бұл жерде тек лауазымды тұлғалар ғана емес, азаматтарда жауапқа тартылып жатыр пара бергені үшін.

Хабар 24 телеарнасы