430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көлік соқтығысынан екі адам қаза тапты

  • 129
  • UPD: 16:40, 05.10.2020
БҚО-да көлік соқтығысынан екі адам қаза тапты mgorod.kz

Жол апаты 5 қазан күні түнде Переметное кентінің маңындағы Орал-Саратов тасжолында орын алған, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Орал-Саратов тасжолында Honda Odyssey және Volvo-440 автокөлігі соқтығысқан. Нәтижесінде Volvo-440 автокөлігінен көлікте қысылып қалған екі адамның денесі шығарылды. Қайтыс болғандардың мәйіті жедел медициналық құтқару ауруханасына тапсырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының 1 техникасы мен 5 қызметкері жұмыс істеді, – деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге қоңырау 00:01-де түскенін атап өтті.

Сағат 00:12-де жедел жәрдем оқиға орнында болды. Дәрігерлер жедел жәрдем келгенге дейін екі адамның қайтыс болғанын анықтады. 29 жастағы жәбірленуші Бәйтерек ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол аяқтың 5 саусағының жабық сынуы, кеуденің, іш қуысының жұмсақ тіндерінің контузиясы, екі жағынан жамбас абразиясы диагнозы қойылды, – деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігінде көрсетілген Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

 

Хабар 24 телеарнасы