428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда түрмені есірткімен қамтамасыз етіп келген адам ұсталды

  • 195
  • UPD: 20:13, 05.10.2020
Қостанайда түрмені есірткімен қамтамасыз етіп келген адам ұсталды

Қостанайда түрмені есірткімен қамтамасыз еткен күдікті ұсталды. Сатушы қатаң тәртіпті түзеу мекемесіндегі диірмен кешенінің жұмысшысы болған. Мұндай заңсыз әрекет сотталушыларды жаппай тексеру барысында анықталды.

Жазасын өтеушілердің бірі улы затты ішкі киімде жасырып сақтаған. Аталған іс бойынша барлық тұлғалардан жауап алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткіні темір тордың ар жағына жеткізген сатушы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Түзету мекемесінің қызметкерлерінің айтуынша, колония аумағында соңғы тоғыз жылда есірткі сатудың бұл алғашқы дерегі.

Ахмет Шүленов, УК 161/2 мекемесі бастығының орынбасары:

-Тәркіленген есірткі заттары гашиш және каннабис шайыры боп шықты. Екеуінің салмағы 9 грамға жуықтайды. Бұл аса ірі көлем саналады. Есірткі сатушысы жедел түрде анықталды. Сотталушыдан жауап алып, соның сілтеуімен таптық.

Хабар 24 телеарнасы