428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

  • 122
  • UPD: 23:15, 05.10.2020
Атырау облысында жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты иллюстративті фото

Атырау облысында жол тегістеуші көлік басып кеткен жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Атырау облысының Қызылқоға ауданында болған.

Ақтөбе - Атырау - Астрахань автожолының бір учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Бір кезде жол тегістеуші көлік абайсызда учаске бастығының аяғын басып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Облыстық полиция департаменті адам өлімі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы