432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лисаков қаласында жасөспірім екінші қабаттан құлап кетті

  • 86
Лисаков қаласында жасөспірім екінші қабаттан құлап кетті

Жайсыз жағдай 1-шағын аудандағы қараусыз қалған ғимаратта болған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бір топ бала екінші қабатта ойнап жүрген. 13 жастағы жасөспірім терезе алдына мінгенде құлап кеткен.

Нәтижесінде бала тоқпан жілігін сындырып алды. Қалалық ауруханада аяғына гипс салынды. Қазір баланың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер науқастың үйіне жіберілгенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы