429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ: Тоғыз айда 9 мыңға жуық жол апаты тіркелді

  • 164
  • UPD: 18:00, 07.10.2020
ҚР ІІМ: Тоғыз айда 9 мыңға жуық жол апаты тіркелді

Жыл басынан елімізде 9 мыңға жуық жол көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат салдарынан 1 425 адам қаза тапты. 11 мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алды. Осындай статистиканы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Бірақ былтырғы кезеңмен салыстырғанда жол апаты 22 процентке, қайтыс болғандар саны 19 және жарақат алғандар саны 23 процентке азайған. Ал кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын апат саны 30 процентке кеміді. Жол-көлік оқиғасының үштен бір бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асыру салдарынан болады. Құрбандардың төрттен бір бөлігі – жаяу жүргінші.

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

– Жаяу жүргіншілер кесірінен 356 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 75 адам қайтыс болды. 298 адам түрлі дене жарақатын алды. Жалпы ел бойынша тіркелген жол-көлік апаттарының 75 пайызы елді мекендердің үлесіне тиесілі. Бұл дегеніміз, шамамен 6 мыңнан астам оқыс оқиға. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолда бақылау күшейтілді. Аудан мен ауылдарда 2 мыңнан астам патрульдеу бағыты мен қалалар іргесінде 211 торуылдау бағдары қойылды.

Хабар 24 телеарнасы