429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда тұрғын үйде газ шығып, 45 адам эвакуацияланды

  • 148
  • UPD: 11:52, 08.10.2020
Қостанайда тұрғын үйде газ шығып, 45 адам эвакуацияланды

7 қазан күні Қостанайда диаметрі 100 миллиметр болатын құбырдан шыққан газ салдарынан 3 қабатты тұрғын үйдің жабыны өртенді, деп хабарлады alau.kz.

Өрт туралы хабарлама сағат 17:29-да түскен. Тәуелсіздік көшесіндегі газ құбыры мен тұрғын үй жабыны өртенді. Оқиға орнына 14 қызметкер мен 3 өртке қарсы қызмет техникасы жетті. Өрт сөндірушілер 45 тұрғынды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады.

Тілсіз жау 17:53-те сөндірілді. Өрттің ауданы 6 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы