427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау әуежайына бара жатқан жолда көлік аударылып қалды

  • 126
  • UPD: 12:35, 08.10.2020
Ақтау әуежайына бара жатқан жолда көлік аударылып қалды

7 қазан күні сағат 20:30-да Ақтау әуежайына бара жатқан жолда көлік аударылды.

Бұл туралы lada.kz полиция департаментінің баспасөз қызметінде сілтеме жасап хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, Hyundai Elantra жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай жол белгісіне, содан кейін жарықтандыру бағанына соғылып, аударылған.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

«Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айып тұрағына қойылды», - деді полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Хабар 24 телеарнасы