427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде түсіп кеткен телефонын алмақ болған адам шұңқырға құлады

  • 157
  • UPD: 23:51, 08.10.2020
Семейде түсіп кеткен телефонын алмақ болған адам шұңқырға құлады

Семей қаласында шұңқырға құлаған азамат құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 09:55-те «112» номеріне қоңырау шалған ер адам кәріз құдығына түсіп кеткенін айтқан. Құтқарушылар көмек көрсету үшін бірден сол жерге аттанды.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сағат 10:13-те Семей тұрғынын шұңқырдан алып шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адам ауыр жарақат алмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, азамат қиын жағдайға дәретханаға түсіп кеткен ұялы телефонын алып шығуға әрекеттенген кезде тап болған. Осы ретте ТЖД жұртшылыққа қандай жағдай болмасын қауіпсіздік шараларын естен шығармау керектігін еске салады.

Хабар 24 телеарнасы