430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздықтарға электрондық төлем картасы жетпей жатыр

  • 127
  • UPD: 02:14, 10.10.2020
Тараздықтарға электрондық төлем картасы жетпей жатыр

Төлем картасын алу үшін тараздықтар ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда карта бәріне бірдей жетпей жатыр

Мәселен, «Глобус» аялдамасындағы сауда сөресі түске дейін-ақ босап қалды. «Электрондық билет енгізуге жергілікті биліктің өзі алдын ала дайын болмай шықты», деп налиды тұрғындар.

Айта кетейік, мұнда қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесі енгізілген. Сөйтіп, қыркүйек айының соңында төлем карталары сатылатын 15 пункт ашылды. Бүгінге дейін 52 мың карта сатылған. Автобустарда электрондық билет бағасы – 65 теңге. Ал, жолақыны қолма-қол төлеу екі есе қымбатқа шығады. Дегенмен, бұл жаңашылдық тұрғындарды осылай әбігерге салып тұр

Гүлбану Әбдірайымова, қала тұрғыны:

- Екінші күн болды, міне. Кеше бір жарым сағат тұрып, кезек жартысына келгенде жоқ деді. Енді қазір міне, тағы бір жарым сағат болды тұрғаныма.

Асхат Есенәлиев, қала әкімінің орынбасары:

- Карталар жеткілікті болады. Қазір біз қосымша тағы өтінім бергенбіз. Ол карталар да келетін болады. Сондықтан ол проблема болмау керек. Басында 1 апта көлемінде тұрғындардың көбісі бұл картаға көп мән берген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы