432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында ер адам әйелді балғамен ұрып өлтірді

  • 321
  • UPD: 15:33, 10.10.2020

Ақмола облысында ер азамат әйел адамды балғамен ұрып өлтірді. Жантүршігерлік оқиға кеше түнде Макинск қаласында болған.

42 жастағы әйел адам ашық дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенімен көз жұмды. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қылмыскерді бірден анықтаған. Ол 26 жастағы Макинск қаласының тұрғыны болып шықты. Ер азамат өз кінәсін мойындап, оқиғаның қалай өрбігенін айтып берген. Оның қылмысқа баруына не себеп болғаны белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алмат Метаев, Бұланды полиция бөлімінің бастығы:

- Осы қылмысты жасаған Макинск қаласының 1994 жылы туған тұрғыны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл азамат өз ісін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азамат уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы