428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жоғалған кішкентай төрт қыз табылды

  • 135
  • UPD: 15:33, 10.10.2020
Қостанай облысында жоғалған кішкентай төрт қыз табылды

Б.Майлин атындағы ауданның Асенкритовка ауылында төрт қыз адасып кеткен, деп хабарлайды alau.kz сайты.

«Дос» іздестіру-құтқару жасағы (ІҚЖ) еріктілерінің айтуынша, 2011, 2013, 2008 және 2013 жылдары туған төрт қыз бала 9 қазан күні сағат 16:00 шамасында Б.Майлин атындағы ауданның Асенкритовка ауылында жоғалып кеткен. Олардың ата-аналары балалардың үйден ойнауға шығып кетіп, оралмағанын айтты. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, еріктілер, білім беру саласының, әкімдік қызметкерлері мен басқа да адамдар қатысқан.

«Асенкритовка мен көрші ауылдардың барлық қараусыз қалған ғимараттары тексерілді» деп хабарлады «Дос» ІҚЖ үйлестірушісі.

Балалар жарты тәулік өткеннен кейін аман-есен табылды. «Олар таңертең сағат 8:00 шамасында көршілес Николаевка ауылының маңынан табылды. Ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілді» деп атап өтті Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі. Ауданның полиция бөлімі балаларды іздеу жұмыстарына қатысқандарға алғыс білдірді.

Хабар 24 телеарнасы