428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды тұрғынының үйінен құны 76 млн теңге болатын есірткі табылды

  • 102
  • UPD: 17:30, 11.10.2020
Қарағанды тұрғынының үйінен құны 76 млн теңге болатын есірткі табылды

Қарағанды тұрғынының үйінен жалпы құны 76 миллион теңге болатын есірткі және есірткі зертханасы анықталды.

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері сөмке ұстаған ер адамды қолға түсірді. Оның ішінде салмағы 750 грамм болатын ақ түсті кристалды зат салынған пакет болған.

Үйін тінту кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 5 келіден асатын есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар синтетикалық есірткі шығаратын зертхананы әшкереледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы