428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан лайнер әуежайға қайтып оралды

  • 75
  • UPD: 22:15, 11.10.2020
Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан лайнер әуежайға қайтып оралды

Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан FlyArystan әуе компаниясының борты әуежайға қайтып оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуе компаниясы ұшақтың неліктен қайтып оралғанына қатысты түсінік берді.

«FlyArystan әуе компаниясының Алматы-Костанай бағытындағы КС7141 рейсінің орындалуы барысында дабыл белгісі ойнап, ұшақта ақаудың бары туралы хабарлама келді. Техникалық регламентке сәйкес сапарды жалғастыра беруге болар еді. Алайда әуе компаниясының шешімімен Қостанайдағы әуежайда инженерлік-техникалық қызмет болмағандықтан бортты қайтару туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта әуе кемесі ары қарай пайдалануға жіберілді. Жұмыс уақыты бойынша шектеулерге байланысты ұшақтың эипажы ауыстырылды», - деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы