432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі саяжайдан жанып кеткен ер адамның денесі табылды

  • 105
Өскемендегі саяжайдан жанып кеткен ер адамның денесі табылды

«Титан» саяжай қоғамының аумағында таңғы 04:00 шамасында металдан жасалған вагонда жиһаздар мен жеке заттар жанып кетті.

«Вагон ішінде өрт сөндірушілер учаске иесі 40 жастағы ер адамның жанып кеткен денесін тапты», – деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

– Контейнер электрлендірілген, жылыту электр майы радиаторынан жүзеге асырылды, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД. Өрттің себебі бойынша келесі нұсқалар пысықталуда: отты абайсыз пайдалану, электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Өрт 6 шаршы метрлік алаңда сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы