429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 10 жастағы қыз кір жуғыш машинада кептеліп қалған

  • 132
  • UPD: 13:20, 12.10.2020
ШҚО-да 10 жастағы қыз кір жуғыш машинада кептеліп қалған

Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтас ауылында 10 жасар қыз бала кір жуғыш машинасынан шыға алмай, кептеліп қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, баланы аман-есен алып шықты. Кір жуғыш машинаны бөлшектеп бұзуға тура келген. Жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін, сынықтар жоқ екенін хабарлады. Балақай жасырынбақ ойнап жүріп, кір жуғыш машинаға кірген екен.

Хабар 24 телеарнасы