427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанға шетелден келген 6 жолаушыдан COVID-19 анықталды

  • 143
Нұр-Сұлтанға шетелден келген 6 жолаушыдан COVID-19 анықталды

Халықаралық әуе рейстерімен келген 6 Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың үшеуі – Алматы, біреуі Нұр-Сұлтан және екеуі – Шымкентке барған жолаушылар. Жалпы шетелден келген 2 мың 600-ге жуық адам тексерістен өтті. COVID-19-ға ПТР тест анықтамасы болмаған 17 шетелдік азамат Қазақстаннан депортацияланды. Оның сегізі Нұр-Сұлтан әуежайынан, ал қалған тоғызы Алматыдағы әуежайдан қайтарылды. Депортацияланғандардың арасында транзиттік жолаушылар да болған.

Еске салайық, Қазақстанға өзге мемлекеттерден келген жолаушылардың соңғы 72 сағатта тапсырған COVID-19-ға тест анықтамасы болуы тиіс. Айта кетерлігі, дене қызуы жоғары жолаушылар анықтамасының бар-жоғына қарамастан 2 тәулікке дейін стационарда оқшауланады. Ал Қазақстан республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғаларға анықтама болмаған жағдайда елге кіруге тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы