432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елордада өрттен 12 адам қаза тапты

  • 148
  • UPD: 15:13, 12.10.2020
Биыл елордада өрттен 12 адам қаза тапты

Елордада жеке тұғын үйлердегі өрт жағдайлары тыйылмай тұр.

Биыл қалада 400-ге жуық осындай дерек тіркелсе, соның жартысынан көбі жеке тұрғын үй секторларына тиесілі. Ал одан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Тағы 19 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Төтенше жағдай көбіне электр және пеш құралдарын дұрыс қолданбаудан болады дейді мамандар. Осы мақсатта қалалық құтқарушылар 15-ші тамыз бен 15-ші қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігіне қатысты ескертпе жасады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта та жоспарға сәйкес жалғаса бермек.

Еркін Отарғалымұлы, қалалық ТЖД басқармасының бастығы:

– Жеке тұрғын үйлерденгі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрағы өте өзекті. Себебі, 2011 жылдан бастап мемлекеттік өртке қарсы қымет жеке үйлерді тексеруден шеттетілді. Қазір тек үгіттеу, түсініру негізінде қолға алынған.

Хабар 24 телеарнасы