428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда кальян сататын барлар жұмыс істеп келген

  • 45
  • UPD: 12:29, 13.10.2020

Карантиндік шектеулерге мән берместен Қостанайда екі кальян бары жұмыс істеп келген.

Санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті ескермегендар мен келушілерге айыппұл салынды. Бұдан бөлек караоке-бардың иесі де жауапқа тартылды. Меңдіқара ауданында екі дүкен сатушысы маска және қолғапсыз жұмыс істеп, санитарлық талаптарды бұзған. Ал Қостанай облысы карантин режимін бұзған аймақтардың үштігіне кіреді.

Сәуле Нұрпейісова, тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін БД баспасөз хатшысы:

- Облыста осы күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 5142 дерегі тіркелді. 1327 хаттама толтырылды. Жалпы саны 880 айыппұл салдық. Оның құны 82 млн теңгеге жуықтайды.

Хабар 24 телеарнасы