429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты

  • 121
  • UPD: 12:15, 13.10.2020
Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты

Екі қазақстандық Оңтүстік Кореяда қайтыс болды.

Қайғылы оқиға түркістандық 20 жастағы жігіт және Нұр-Сұлтан қаласының 50 жастағы тұрғынына қатысты екенін Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

«Жігіт зауытта шамамен 8-9 метр биіктіктен құлаған. 1970 жылы туған әйел алманы жұлып алу үшін мінген баспалдақтан құлап, қайтыс болды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Денелері айдың соңына дейін Қазақстанға жеткізіледі», – деді «ТМД бойынша Достар» халықаралық корейлер қоғамдық ұйымы адвокатының көмекшісі Мейірбек Садық.

Оның айтуынша, соңғы айда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның алты азаматы көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы