432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда киіктің 632 мүйізі тәркіленді

  • 148
  • UPD: 12:36, 13.10.2020
Оралда киіктің 632 мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысының тұрғынынан 632 дана киік мүйізі тәркіленді. Ол киелі жануардың дериваттарын жеңіл көлікпен Оралға алып келген.

Алайда, қалаға кірген бойда тәртіп сақшыларының қолына түсті. Күдікті Қазталов ауданының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Болатбек Белгібеков, полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 339-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 2020 жылғы 9 айда 39 факт тіркеліп отыр. Өткен жылы осы кезде небәрі 11 факт болған еді.

Хабар 24 телеарнасы