Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Жарақат алған адамдар бар. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
12 қазан күні сағат 21:00-де «Шерқала» мен «Айрақты» елді мекендері арасында үш көлік соқтығысқан.
«Toyota Camry 40 жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry 35-пен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Camry 35 көлігі инерциямен жол жиегінде тұрған Daewoo Nexia-ны соққан. Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айып тұрағына қойылды», - деді өңірдің ПД басшысы Жанарбек Бақтыбаев.