432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақбұлақ өзеніне кәріз суы құйылған

  • 173
  • UPD: 19:53, 13.10.2020
Ақбұлақ өзеніне кәріз суы құйылған

Елордалық экологтар осылай дабыл қағып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салаға жауапты мамандар кәріздік-сарқынды суларды төгу фактісін анықтапты. Енді оған ресми түрде көз жеткізу үшін өзен суынан және жер бедерінен сынама алып, зертханалық тексерісті бастады. Лас қалдықтар А-194 және А-184 көшелерінің қиылысындағы құрылыс объектісінің артынан табылды. Енді қалалық экология департаменті мән-жайды анықтау және заңнама нормаларын сақтау үшін тиісті жұмыстарды соңына дейін жеткізбек. Зертханалық тексерістердің алғашқы қорытындысы ертең белгілі болады. Біздің арна тілшілері бұл мәселені жіті назарда ұстайды.

Хабар 24 телеарнасы