429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында тұрғындар мен кәсіпкерлер арасындағы дау қарулы қақтығысқа ұласты

  • 165
  • UPD: 22:42, 13.10.2020
Қызылорда облысында тұрғындар мен кәсіпкерлер арасындағы дау қарулы қақтығысқа ұласты

Қызылорда облысы Сырдария ауданында тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында жер учаскесі үшін дау туындаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанжал соңы қарулы қақтығысқа ұласып, күріш егістігінің күзетшілері қызметтік травматикалық қарумен аспанға ескерту оғын атқан. Сондай-ақ алқап басында автокөлікпен адам қағу дерегі тіркеліп отыр. Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы агросеріктестіктің 105 гектар күрішті оруына қатысты келіспеушілік қазір құзырлы органдардың қадағалауына алынды. Елді мекендегі ахуал тұрақтандырылды. Шаруа қожалығы мен тұрғындар өзара келісімге келіп, егін жинауға қайта кірісті. Ал күзетшілердің қызмет бабын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Ибраев, жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– А.Тоқмағамбетов ЖШС заңгерін белгісіз ауыл тұрғындары ұрып, дене жарақатын салған дерегі бойынша ҚР ҚК 290-бабының 2-бөлігі 1-тармағында көзделген адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы қоғамдық тәртіпті сақтамай, бұзақылық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындылары күтілуде. Тергеу барысы облыстық прокуратура мен полиция департаменті бастығының бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы