428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көлік «Астана Опера» маңындағы көпірге соғылды

  • 117
  • UPD: 10:21, 14.10.2020
Елордада көлік «Астана Опера» маңындағы көпірге соғылды

Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушісі «Астана Опера» маңындағы көпірге соғылды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған.

«Шамамен сағат 20:21-де 33 жастағы жүргізуші «ГАЗ» маркалы көлігімен келе жатып, Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай өткенде жол белгілерін елемей, «Астана Опера» жаяу жүргіншілер көпіріне соғылған. Жол апаты салдарынан материалдық шығын келтірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді полициядағылар.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүргізушіге қатысты 610-бап («Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы