428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды

  • 113
  • UPD: 19:18, 14.10.2020
Алматыда мәйітхана директоры қамауға алынды

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық патологоанатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қалалық прокуратурасының келісімі бойынша «Қалалық патологоанатомиялық бюро» КМК директорын ұстады. Ол кәсіпкерден қалада салынып жатқан патологоанатомиялық бюроны медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою үшін 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді» деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы