428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шучинскіде жан тапсырған полиция қызметкерлерінің жол апаты видеоға түсіп қалған

  • 154
  • UPD: 13:07, 15.10.2020

Жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бүгін Щучье қаласында таңғы сағат алтының шамасында болды. Абылайхан атындағы көше мен Сейфуллин атындағы көшенің қиылысында Лексус көлігі учаскелік полиция қызметкерлері отырған Лада көлігін жоғары жылдамдықпен келіп соққан. Бурабай аудандық полиция бөлімінің инспекторлары қызметтік міндетін атқарып жүрген. Олар кезекті шақыртудан келе жатыпты.

Өкінішке қарай, 2 қызметкер де оқиға орнында көз жұмды. Лексус көлігінің тізгінінде 25 жастағы қала тұрғыны болған. Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін бірнеше рет істі болған күдіктінің жүргізушілік куәлігі болмаған. Және 2022 жылға дейін көлік рөліне отыруға тыйым салынған екен. Қазір ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы