428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 10 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына ақша салған

  • 101
  • UPD: 18:26, 15.10.2020
Қазақстанда 10 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына ақша салған

Алматыда зергерлік дүкеннің атын жамылған  B2B Jewelry қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пирамиданы ұйымдастырушылар халыққа қымбат бағамен зергерлік бұйымдарды сатқан. «Есесіне жыл соңында 104% кэшбэк түрінде ақшаларыңызды қайтарып аласыздар», деп сендірген. Сондай-ақ олар арнайы сертификаттарды сатқан. «Осы сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520% табыс табасыздар», деп уәдені үйіп-төккен. Қазір күдікті қамауда отыр. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тінту кезінде қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 миллион теңге, 303 мың доллар және 3,5 мың еуро тәркіледі. Жалпы осы қаржы пирамидасына Қазақстан аумағында 10 мыңнан астам адам ақша салған екен.

Жақсылық Мырзахан, қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Тезірек ақша табуға, тезірек баюға ынталанған азаматтар 5 мың теңгеден жоғары көп ақшалар салғандығы анықталды. Белсенді түрде 2019 жылы жұмыстарын жүргізген. Кейін 2020 жылдың басында ең бірінші ақша салған азаматтарға ақшаларын қайтармай бастаған. Кейін «карантинге байланысты ақшаны қайтармаймыз» деген. Бірақ шынына келгенде, карантинге дейінгі кезде де олар ақшаны қайтармай бастаған.

Хабар 24 телеарнасы