428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есірткі саудасына жарнама жасаған азамат 12 жылға сотталды

  • 110
  • UPD: 21:21, 15.10.2020
Есірткі саудасына жарнама жасаған азамат 12 жылға сотталды

Елде мұндай жағдай алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыпталушы 28 жастағы Петропавл тұрғыны. Ол интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткіні насихаттап, сатып келген. Оны полиция наурыз айында ұстаған. Сөйтіп, сот оған 12 жыл жаза кесті. Үкім екі аптадан кейін заңды күшіне енеді. Айта кетейік, 9 айда өңірде нашақорлыққа қатысты 170 заңбұзушылық анықталып, 400 келіге жуық есірткі тәркіленген.

Рахат Нұрахметов, қалалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы:

- 8 қазанда Петропавл қалалық сотымен 12 жылға сотталды. Оның бірі есірткі психотропты заттарды насихаттағаны үшін. Және екіншісі ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы, 1-тармағы бойынша сатқаны үшін сотталды.

Хабар 24 телеарнасы