427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда екі автобус соқтығысып, бес адам жарақат алды

  • 71
  • UPD: 15:12, 16.10.2020
Оралда екі автобус соқтығысып, бес адам жарақат алды

Оралда нөмірі 1-ші және 22-ші бағытта жолаушы тасымалдап жүрген 2 автобус соқтығысып бес адам жарақат алды.

Оқыс оқиға таңертеңгілік мезгілде Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы аялдамалардың бірінде болды. Түрлі дене жарақаттарын алған 5 адам да ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында 50 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірім және 37 жастағы екі ер адам бар. Жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған жолаушыларға оқиға болған жедел медициналық көмек көрсетілді. Ал 30 жастағы жүкті әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Автор: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы